Мәжіліс депутаты, спортшы Дәулет Тұрлыханов Халық әртісі Роза Рымбаеваға көлік сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
«Абай Ақпарат» ақпараттық веб-ресурсының жазуынша, Қалбатау ауылында ашық аспан астында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылған.
Концертте Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, әншілер Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya өнер көрсетті.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі Роза Рымбаеваның сахнаға шығуы болды. Көрермендер өнер иесін зор ықыласпен қарсы алып, оның танымал әндерін бірге шырқады.
Сонымен қатар Дәулет Тұрлыханов сахнаға шығып, Роза Рымбаеваға көлік кілтін табыстады. Бұл көрініс желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Оқырман Халық әртісіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, аталған мәдени концерт Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың қолдауымен ұйымдастырылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
