Мұнай қымбаттады
Мұнай қымбаттады
© сурет интернеттен алынды
344
оқылды
Brent мұнайы сәрсенбіде 3 пайызға қымбаттады. Осылайша, мұнайдың бір баррелі 28,16 долларға жетті,- деп хабарлайды РИА Новости.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.06-да Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының бағасы 3,72 пайызға - барреліне 28,16 долларға дейін өсті. WTI маркалы мұнайдың бағасы бұған дейін 5 пайызға өскен - барреліне 25,21 долларға дейін.
24 наурызда мұнай бағасы барреліне 28 долларға дейін өсті. Еске салайық, 18 наурызда Brent 2003 жылдың 12 мамырынан бері (баррель үшін 26 доллар) минимум көрсеткішке дейін арзандаған болатын. WTI құны да 2002 жылдың 1 наурызынан (баррель үшін 23 доллар) минимумға дейін төмендеді. Кейін 20 наурызда Brent бағасы барреліне 27,38 долларға жетті. Осылайша бір апта ішінде ол 19 пайызға, ал жалпы 40 пайызға құлдырады.