21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылатын болады.
Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады
Фото: gov.kz
104
оқылды

Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә.Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмысы жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты  21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.