Кәмелетке толмаған бала жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
"Оқиға орнында қаза тапты": Астанада жүк көлігі баланы қағып кетті
www.istockphoto.com
131
оқылды

Астанада кәмелетке толмаған велосипедші жол апатына түсіп, оқиға болған жерде қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға 26 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оңға бұрылып бара жатқан Mercedes жүк көлігі жолдан өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен. 

Кәмелетке толмаған бала жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасына қатысты полиция қылмыстық тергеуді бастады. Жүк көлігі коммуналдық тұраққа эвакуатормен жеткізілді. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

"Кез келген жол қозғалысы ережесін бұзу немесе рульдегі абайсыздық қайғылы салдарға әкелуі мүмкін", - деді полиция департаментінің өкілдері.

Полиция жүргізушілерге жылдамдық шегін сақтауды және жаяу жүргіншілер өткелдерінің, мектептердің, аулалардың және тұрғын үйлердің жанында ерекше сақ болуды ескертті.