25 наурызда Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 55 адамға жетті.
Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 диагнозы қойылған төрт науқас ауыр халде жатыр.
«Коронавирус жұқтырған 15 өзбекстандықтан пневмония табылды, төртеуі - ауыр халде жатыр», – деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік инспекциясының бастығы Нурмат Отабеков.