Осындай шарттар сақталған кезде ауыр және аса ауыр қылмыс жасап сотталғандар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту қарастырылған.
Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін –  Абзал Құспан
144
оқылды

Мақұлданған заң жобасына сәйкес, қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған, сондай-ақ залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдарға қылмыстық рақымшылық қолданылады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған санаттар бойынша қылмыстық істерді, оның ішінде соттардың қарауындағы істерді тоқтату, жазадан босату немесе жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту көзделіп отыр. Сондай-ақ теріс мінез-құлқы болмаған жағдайда, келтірілген залалдың өтелуіне немесе өтелмеуіне қарамастан, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған және жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына бір жылдан аспайтын уақыт қалған сотталушылар жазадан босатылуы мүмкін.

Біріншіден, соттардың қарауында жатқан қылмыстық істерді тоқтатуға, қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке  тартылғандар, тіпті орта әрі аса ауыр емес қылмыс үшін де, әсірсе біреуге қиянат келтірмеген болса,  әлде оны толық өтеген жандарға қатысты осы Заң жобасының қолданылады. 

Ол үшін елдің және халықтың қауіпсіздігіне  кесірі тимеген сотталғандарды босату қажет. 

-Оның ішінде қылмыстық әрекеттер және аса ауыр емес қылмыс болса;

- аса ауыр емес қылмыс болса да, оны толық өтесе;

Үшіншіден, орташа ауыр қылмыстар үшін және  ауыр қылмыс пен аса ауыр қылмыс үшін сотталғандардың жазасының өтелмеген мерзімін қысқарту.

Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, рақымшылық аса қауіпті қылмыстар жасаған адамдарға, атап айтқанда: сыбайлас жемқорлық, террористік және экстремистік қылмыстар, педофилдер, өзгені азаптағандар, не болмаса қылмыстардың қайталанса, ортаға аса қауіпті саналғандарға, сондай-ақ сырттай сотталған адамдарға қолданылмайды, деді Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан.

Оның айтуынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 476-бабының 15-тармағына сәйкес, рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді әрбір сотталғанға қатысты сот жеке-жеке қабылдайды.

Заң жобасымен жергілікті атқарушы органдарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру (қоғамға қайта кіріктіру) бойынша міндеттер жүктеледі. Рақымшылық шеңберінде құқықбұзушылық үшін салынған әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан келесі тұлғаларды толық босату ұсынылады:

• Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларды;

• жеке кәсіпкерлер қатарындағы кәсіпкерлік субъектілерін;

• жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттар мен заң консультанттарын.

Әкімшілік рақымшылық әрекет соттар салған айыппұлдарға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқықбұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарға таралмайды,  деді ол.

Дегенмен аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қолданылмайды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге, экстремизмге қатысты, кәмелетке толмағандардың жыныстық қос сұғылмаушылығына қарсы жасалған, қайталанған қылмыс және қауіпті қайталанған жағдайда жасалған, қоғамдық қаупі жоғары дәрежедегі қылмыстар, сондай-ақ азаптау және жақында қылмыстық жауаптылыққа енгізілген іс-әрекеттер қамтылмайды. Бұған қоса, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандар және сырттай сотталған адамдарға рақымшылық жасау қолданылмайды.