Қазір күдіктінің осыған ұқсас тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.
"Арзан жер алып беремін": Ақтөбеде ер адам жоқ жер телімін сатып, 5 миллион теңге тапқан
фото: www.istockphoto.com
110
оқылды

Ақтөбе облысында ер адам арзан жер алып беремін деп елді алдап, 5 миллион теңге тапқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Ақтөбе облысының Полиция департаменті хабарлады.

Олардың мәліметінше, Мәртөк ауданының тұрғыны арызбен жүгінген. Оған белгісіз ер адамның облыс орталығынан жер телімін төмен бағамен сатып әперуге уәде етіп, ақша алған. Жедел-іздестіру  шаралары барысында полицейлер 37 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

– Тексеру барысында күдіктінің меншігінде жер телімдері болмағанына және оларды сатуға құқығы жоқ екеніне қарамастан, азаматтарға тартымды бағамен жер телімін сататынын айтып, олардың сеніміне кіргені анықталды. Ақшаны алғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған,  делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 5 миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.