Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Короліне құттықтау жолдады
141
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.