Тінту кезінде ол сәлемдемелердің біріне тоқталып, белгі бергендіктен, дереу жедел-тергеу тобы шақырылған.
Оралда түрмеге жетуге тиіс болған есірткіні «Детектив» атты қызметтік ит әшкереледі
143
оқылды

Орал қаласында Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде пошта жөнелтілімдерін тексеру кезінде сотталған азаматтарға жолданған есірткі зат анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жоспарлы тексеру шеңберінде сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің кинолог-маманы ефрейтор Аманай Бақтығалидың жетекшілігімен "Детектив" есімді қызметтік ит қолданылды.

Тінту кезінде ол сәлемдемелердің біріне тоқталып, белгі бергендіктен, дереу жедел-тергеу тобы шақырылған.

Табылған материал оның құрамын анықтау үшін сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қажетті  шаралар  жүргізілуде. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерінің жолын кесу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасуда.