Дәлелді себептерсіз сотқа келмеу істі қарауға кедергі келтіріп, сот талқылауының созылуына әкеледі.
ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады
www.istockphoto.com
236
оқылды

Жалған ақпарат тарату, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған бұзақылық фактілері бойынша Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қарауындағы қылмыстық іс бойынша сот отырысы сотталушылар Қасенов пен Қаппарованың келмеуіне байланысты 2026 жылғы 15 маусымға кейінге қалдырылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сотталушылардың сот талқылауына қатысуы – олардың процестік міндеті. Дәлелді себептерсіз сотқа келмеу істі қарауға кедергі келтіріп, сот талқылауының созылуына әкеледі.

– Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес, сотталушылар дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда сот олардың сот отырысына міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында заңда көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын, оның ішінде күштеп әкелуді қолдануға құқылы, – деп мәлімдеді Алматы қалалық соты.

Сондай-ақ қамауда ұстаудан өзге бұлтартпау шарасы қолданылған сотталушылардың дәлелді себептерсіз келмеуі оларға қатысты бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаң түрге өзгертуге негіз болуы мүмкін.