Мәскеуде коронавирусқа шалдықққан екі адам қайтыс болды.
Жергілікті Жедел штаб мәліметінше, марқұмдардың жасы 88 және 73-те болған. Олардың пневмониясы расталып, оған сәйкес ауытқуы болған.
Штабтағылар қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдар оқшаулау режимін қатаң ұстануы керегін айтып отыр.
Коронавирус 170-тен аса елде анықталып отыр. ДСҰ-ның мәліметінше, жалпы 370 мың адам ауруға шалдыққан, 16 мыңы қайтыс болған.
Ресейде 658 адам COVID-19 жұқтырып, 29-ы осы дерттен айыққан.
Біз бұған дейін Қазақстанда 81 адам коронавирусқа шалдыққанын хабарлағанбыз. Қазірге дейін Қазақстанда 2 адам коронавирустан айыққан.