Байқаудың мақсаты – бүгінгі күннің білікті-психологін анықтау. Өйткені ол Ұлттық ұлан сапындағы ғана емес, әскери ұжымдағы тұрақты психологиялық ахуалды сақтауға, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын нығайтуға көмектесетін бірден-бір құрал.
Әскери саладағы үздік психолог анықталды
фото: баспасөз қызметінен алынды
207
оқылды

Астана қаласында Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай «Үздік психолог» республикалық байқауы өтіп, жеңімпазы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен әскердегі, яғни сарбаздардың әрі әскери қызметшілердің психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын қалыптастыру атсалысатын психолог мамандар қатысқан.

Сайыс қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөлімінің психологі, лейтенант Аружан Бақытжанқызы І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Үздік психолог» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Оның бұл жеңісі – оның осы бағытта табанды еңбек етіп жүргенің ғана емес, Ұлттық ұландағы психологиялық қызметтің кәсіби әлеуетін айқындай түсті.

– Бұл байқау – мен үшін тәжірибе алмасудың, кәсіби тұрғыдан дамудың маңызды алаңы. Әріптестерімнің жұмыс тәсілдерімен танысып, жаңа әдістемелерді меңгеруге мүмкіндік алдым. Бүгінгі жетістігім алдағы уақытта да ізденіп, өз ісіме адал қызмет етуге жігер береді, – дейді лейтенант Аружан Бақытжанқызы.