Аталған факті бойынша бопсалау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бірнеше сағат бойы күш қолданған: ақтөбелік азаматты қылмыстық топ бопсалаған
фото: www.istockphoto.com
136
оқылды

Ақтөбе қаласының 38 жастағы тұрғыны өзін бір топ адамның заңсыз ұстап, мүлкін бопсалағаны туралы арыздаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, бес күдікті жәбірленушінің танысы оның банк картасынан ақша аударған деген сылтаумен өздеріне тиесілі көлікті қайта рәсімдеуді және ақша беруді талап еткен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер ер адамды көліктің ішінде заңсыз ұстап, бірнеше сағат бойы күш қолданып, өздерінің заңсыз талаптарын орындауға мәжбүрлеген.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерін тарта отырып, арнайы операция барысында күдіктінің барлығын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша бопсалау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.