Көкшетаудағы Қопа көлінің жағасында зейнеткердің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам суға түсіп шыққаннан кейін жүрегі ұстап, бірден көл жағасында көз жұмған, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Оқиға 9 шілде күні таңертең болған. Куәгерлер Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жағасынан зейнеткердің денесін тауып, тиісті қызметтерге хабар берген.
Белгілі болғандай, марқұм жүрек-қан тамырлары ауруына байланысты дәрігерлердің бақылауында тұрған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көлге түсіп, кейін жағалауға шыққан. Дәл сол жерде жүрегі ұстап, қайтыс болған.
– Бұл дерек бойынша Көкшетау қалалық Полиция басқармасында тіркеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеру басталды, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Ақмола облысында жазғы маусым басталғалы бері су айдындарында болған түрлі оқиғалардан оннан астам адам көз жұмған.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы
