9 шілде, кешегі күнде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өрт оқиғалары Павлодар облысында, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында, "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.
Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы арқылы дер кезінде анықтаған.
- Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық өрт қысқа мерзім ішінде толықтай сөндірілді. Өртті ауыздықтауға мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары мен арнайы техникасы жұмылдырылды, - делінген ведомствоныңхабарламасында.
