Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өтіп жатыр.
«Әділет» партиясы жастарға сенім артып отыр – Ролан Ибраимов
Фото видеодан алынды
203
оқылды

Тәуелсіздік сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі басталды. Барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қатысып жатыр. 

Абай облысынан келген делегат Ролан Ибраимовтың айтуынша, партия құрамында жастар өте белсенді жұмыс істеп жатыр. 

«Астанаға Абай облысынан елдің сенімін арқалап съезд делегациясы құрамында келіп отырмын. Қазіргі кезде ерекше айтып өтетін жайт, партия құрамында жастар көп. Әйел азаматтар да белсенді атсалысып жүр.  Жастарға сенім артып жатқанына өте қуаныштымын. Ереңгі күні мемлекеттің тізгінін ұстайтындар да жастар. Жастарға жол көрсету біздің буынның міндеті. Ең басты қағидамыз – мықты өңірден мықты мемлекет қалыптастыруға атсалысамыз», – деді партия мүшесі Ролан Ибраимов.

Айта кетейік, бұған дейін  «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өтіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.