Венесуэлада 18 мың адам баспанасыз қалды Венесуэладаға зілзала салдарынан қаза тапқандар саны төрт мың бір жүз адамнан асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің мәліметіне сүйенсек, кейінгі бір тәулікте ғана 200 адамның мәйіті қирандылар астынан табылды. Табиғи апат салдарынан шамамен 18 мың тұрғын баспанасыз қалды.
Зардап шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдай режимі әлі аяқталған жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
