Экологиялық акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары қатысып, жалпы қатысушылар саны 200-ге жетті.
Жақсы ауданы: 200 адамды жұмылдырған «Таза Қазақстан» акциясы
151
оқылды

Кеше Ақмола облысындағы Жақсы ауданының Жақсы ауылында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Әуелі «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» атты экологиялық лекторий ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған өлкенің тазалығын сақтау және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ жастардың экологиялық бастамаларға белсенді қатысуының маңызы талқыланды.

Одан кейін «Жасыл мекен – таза өлке» атты экологиялық сенбілік Алматы-Екатеринбург трассасының жанында өтті. Іс-шара «Туған жерге тағзым – таза ортадан басталады» ұранымен ұйымдастырылды. Сенбілік барысында қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс жинау және аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары қатысып, жалпы қатысушылар саны 200-ге жетті. Бірлескен еңбектің нәтижесінде қоғамдық орындардың санитарлық жағдайы жақсартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосылды.

Іс-шараларға Жақсы ауданы әкімінің м.а Әбжанов Олжас Аманбайұлы, «Жақсы ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ басшысы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Аталған іс-шаралар тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және «Таза Қазақстан» республикалық акциясының мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосты.