ДСҰ: Экономикалық дағдарыс 2008 жылдан да ауыр болуы мүмкін
ДСҰ: Экономикалық дағдарыс 2008 жылдан да ауыр болуы мүмкін
434
оқылды
Коронавирус пандемиясының кесірінен келген экономикалық дағдарыс 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан да ауыр болуы мүмкін, - деп хабарлайды «Хабар 24». Дүниежүзілік сауда ұйымының басшысы Роберто Азеведо осындай пікірде. Оның айтуынша, пандемия аяқталғаннан кейін әлем елдерінің экономикалық өсімі тұралап, жұмыссыздық мәселесі өзекті болуы мүмкін. Жаһанның бір де бір елі бұл дағдарысқа төтеп беруге қауқарсыз дейді. Ал жағдайды тек сауда арқылы ғана қалпына келтіруге болады. Сонымен қатар сауда және инвестициялық айналым арқылы ғана бағаның қолжетімділігі мен тауар тапшылығынан құтылуға болады деген пікір білдірді. – Пандемия әлем елдерінің әкономикасына ауыр соққы болады. Жұмыссыздық белең алып, сауда-сатық тұралап қалады. Болжам бойынша, тіпті осыдан 12 жыл бұрын болған қаржы дағдарысынан да ауыр болмақ. Қаншалықты дамыған ел болса да дағдарыстың әсерін сезеді. Тығырықтан шығудың бір жолы, сауда жасап, қажетті тауар мен қызметті жеткізу болып отыр. Сондықтан медициналық дағдарыс аяқталғаннан кейін әлем елдерінің бір-біріне алыс-берісінің нәтижесінде ғана көптеген мемлекет экономика тұрғысынан ес жинайтын болады, - дейді ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо