Бұған сотталушының денсаулығына байланысты сотқа келе алмауы себеп болған.
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді
280
оқылды

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша 21 шілдеге жоспарланған алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алғашқы сот отырысы 2026 жылғы 21 шілде күні сағат 10:00-де Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өтуі тиіс еді.

Отырыс барысында жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушының қатысуынсыз-ақ сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарауды бастауды ұсынды.

«Менің ойымша, бұл кезеңде сотталушының қатысуы аса қажет емес. Сондықтан сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарауды бастай берсек болады», – деді адвокат.

Бірақ судья бұл ұсынысты қанағаттандырмады. Оның айтуынша, сот процесі ресми түрде әлі басталмағандықтан, қандай да бір өтінішті қарау үшін процеске қатысушылардың барлығының қатысуы қажет.

«Сотталушының денсаулығына байланысты сот отырысын кейінге қалдырамыз. Оның қашан сауығатыны әзірге белгісіз. Соған сәйкес келесі сот отырысының күні кейін анықталады», – деді судья.

Осылайша, іс бойынша келесі сот отырысының нақты күні сотталушының денсаулық жағдайына байланысты кейін белгіленеді.