Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 4 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 4 адамның жағдайы ауыр
© 24.kz
167
оқылды
Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. "Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 61 науқастың ішінде 4 адамның жағдайы тұрақты ауыр деңгейде. Олардан пневмония, тыныс алудың жетіспеушілігі анықталды. Науқастарға коронавирусты емдеу протоколына сәйкес ем жүргізілуде. Басқа науқастардың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде", - деді ол. Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті.