Осындай тағылымды сәттердің бірінде ол туған-туыстарының ортасында таба нан пісіріп, ұлттық құндылықтардың өміршеңдігін тағы бір мәрте еске салды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Қарақат Әбденнің айтуынша, таба нанның иісі, бір дастарқанның берекесі, үлкеннің тәлімі мен кішінің ықыласы – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан асыл мұрасы.
Қарақат Әбденнің айтуынша, таба нанның иісі, бір дастарқанның берекесі, үлкеннің тәлімі мен кішінің ықыласы – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан асыл мұрасы.
– Ұлттық құндылық үлкеннің қолынан кішінің қолына өтетін өмірдің ізі. Дәстүр үзілмесе – ұрпақ та өз тамырын ұмытпайды. Сондықтан осы сәттер арқылы ұлттық рух, еңбекке құрмет және отбасы құндылықтары ұрпақ санасына сіңеді.
«Ауыл» партиясы сенетін мықты шындық бар: «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз». Ал ауылдың гүлденуі – еңбек адамына, ұлттық рухқа, салт-дәстүрге және отбасы құндылықтарына деген құрметтен басталады, – дейді Қарақат Әбден.
