Бұл болжамды X әлеуметтік желісінде танымал бокс сарапшысы Tokkerü жариялады.
Жәнібек жаңа салмақтағы алғашқы үлкен сынағын атақты Хамза Ширазға қарсы өткізуі мүмкін
144
оқылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының 2026 жылдың соңына дейін британдық Хамза Ширазбен жекпе-жек өткізуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл болжамды X әлеуметтік желісінде танымал бокс сарапшысы Tokkerü жариялады.

– Биыл Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың жекпе-жегін көреміз деп ойлаймын, – деп жазды ол.

Бұл пікірді тағы бір танымал бокс шолушысы Хулиус Хулианис те қолдап, Шираз бен Жәнібек арасындағы айқасты көргісі келетінін жеткізді.

Ал Hamed Boxing лақап атымен танымал аналитик ықтимал кездесуде фаворит ретінде қазақстандық боксшыны атады.

– Орта салмақтағы жекпе-жекте мен Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздан басым санаймын, – деп жазды сарапшы.

Айта кетейік, бұл кездесу туралы әңгіме Жәнібек Әлімханұлының екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдегеннен кейін қыза түсті. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы чемпиондық белбеулерінен өз еркімен бас тартып, мансабын жаңа дивизионда жалғастыруға шешім қабылдаған болатын. Сондықтан Ширазбен болатын ықтимал жекпе-жек оның жаңа салмақтағы алғашқы үлкен сынағы болуы мүмкін.