«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Жаңаөзен қаласындағы сүт зауытына барып, қызметкерлермен кездесті.
«Байтақ» партиясының өкілдері Жаңаөзенде зауыт қызметкерлерімен кездесті
Фото: baytaq.kz
129
оқылды

Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев бастап барған топ еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдараламасын таныстырып, оның негізгі бағыттарына тоқталды.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, халық денсаулығын сақтау, тұрақты экономикалық даму, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар жайлы ақпарат берді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Жұмыскерлер өздерін толғандырған сауалдарды қойып, оған бірден жауап алды. Партия өкілдері азаматтарға сайлаудың маңызын түсіндіріп, оларды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға шақырды.