Бүгінде барлық ақпарат бір платформада нақты уақыт режимінде жинақталып, талданады.
Қазақстан санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың цифрлық экожүйесін іске қосты
www.istockphoto.com
163
оқылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрлық трансформациялау бағытындағы ең ауқымды жобалардың бірін аяқтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Олардың мәліметінше, ТМД елдерінің арасында алғаш рет төмендегі бағыттарды біріктірген бірыңғай цифрлық экожүйе құрылды:

  • мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;
  • декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;
  • зертханалық зерттеулер;
  • кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;
  • халықты вакцинациялау мониторингі.

"Бұрын бұл мәліметтер әртүрлі ақпараттық жүйелерде сақталып, көптеген үдерістер қолмен жүргізілсе, бүгінде барлық ақпарат бір платформада нақты уақыт режимінде жинақталып, талданады. Бұл санитариялық-эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындамай тұрып-ақ олардың алдын алуға мүмкіндік береді, - делінген баспасөз хабарламасында. 

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысында не өзгерді? 

Министрліктің мәлімдеуінше, енді қағазбастылық пен ұзақ күтуге жол жоқ. Цифрлық платформа енгізілгенге дейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары ондаған түрлі қағаз есепті қолмен дайындалса, қазір ақпаратты жинау және талдамалық есептерді әзірлеу үш күннен екі апта аралында дайын болады. Ал бақылаудағы нысандар, медициналық тексерулер мен вакцинациялау бойынша толық мәлімет болмаған. Бүгінде бұл үдерістер толықтай автоматтандырылған.

Ақпараттық жүйеде мемлекеттік бақылаудағы 202 мың нысан туралы мәлімет цифрландырылып, 198 мың пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде 114 мыңы – бизнес өкілдері, соның ішінде медициналық ұйымдар.

Жаңа жүйенің басты артықшылықтарының бірі – кәсіпкердің жеке кабинеті.

Енді кәсіпорындар мәліметтерді қашықтан жолдап, санитариялық дәрігерлердің ұсынымдарын алып, бақылау нәтижелерін қадағалап, анықталған бұзушылықтарды уақытылы жоя алады. Сондай-ақ бизнеске бұрынғыдай бір құжатты қайта-қайта ұсынудың қажеті жоқ. Мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияның арқасында ақпараттың едәуір бөлігі автоматты түрде алынады.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүйе арқылы өндірістік бақылау бойынша 13 562 есеп қабылданды. Автоматты талдау нәтижесінде 4 777 бұзушылық анықталып, 470 нысан ешқандай субъективті араласусыз, тек қауіптерді басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік бақылау жоспарына енгізілді.

Сонымен қатар цифрлық платформа күн сайын 5-тен 30-ға дейін жарамдылық мерзімі өткен медициналық кітапшаларды, рұқсат беру құжаттарының жоқтығын және ұсынылмаған есептілікті анықтап, тексеру жүргізілгенге дейін-ақ заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Құжаттарды қайта ұсыну қажеттілігін болдырмау үшін жүйе сегіз мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланған. Ал Бас прокуратураның тексерулерді тіркеу жүйесімен интеграциялау жұмыстары аяқталу сатысында.

Электрондық жеке медициналық кітапша барлық азаматтар үшін қолжетімді болмақ

Бүгінде бұл сервис eGov Mobile және Halyk мобильдік қосымшаларында қолжетімді. Енді декреттелген кәсіптерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қағаз түріндегі медициналық кітапшаны алып жүрудің қажеті жоқ – телефондағы электрондық медициналық кітапшаны ашу жеткілікті.

Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет міндетті медициналық тексерулерден өтуді қашықтан бақылауға мүмкіндік алды. Егер жеке медициналық кітапшада медициналық тексеруден өту мерзімі өтіп кеткені анықталса, қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету бойынша жедел шаралар қабылданады.

Қазақстанда алғаш рет мына бағыттарды біріктірген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылды:

  • мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;
  • декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;
  • зертханалық зерттеулер;
  • кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;
  • халықты вакцинациялау мониторингі.

 

Министрлік енді кәсіпорындардың санитариялық саламаттылығы рейтингін енгізеді

Жаңа ақпараттық жүйе елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды іс жүзінде нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінде мамандар цифрлық форматта:

  •  халықты вакцинациялаумен қамту туралы;
  •  вакциналардың қозғалысы туралы;
  •  зертханалық зерттеулер туралы;
  •  қауіпсіз емес өнімдерді анықтау туралы;
  • нысандардың санитариялық жағдайы туралы деректерді жедел ала алады.

"Вакцинациялау модулінде бүгінде 4 616 180 вакцина алған азамат туралы мәлімет жинақталған. Бұл профилактикалық екпелермен қамту деңгейінің төмендеуін дер кезінде анықтап, өңірлердің жұмысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Вакциналардың барлық кезеңдегі қозғалысын толық цифрлық қадағалау олардың жоғалу, мақсатсыз пайдаланылу қауіптерін азайтып, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаудың тиімділігін арттырады", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Алдағы уақытта министрлік санитариялық саламаттылық деңгейі бойынша нысандардың рейтингін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл тұрғындарға қоғамдық тамақтану орындарын, балалар ұйымдарын және басқа да нысандарды таңдау кезінде объективті ақпаратқа сүйенуге мүмкіндік береді.