Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы екінші квалификациялық кезеңінің «Лудогорец» пен «Хапоэль Тель-Авив» арасындағы қарымта кездесуіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Болгарияның «Лудогорец» және Израильдің «Хапоэль Тель-Авив» клубтары арасында 30 шілдеде Разград қаласында өтетін қарымта ойынға отандық төрешілер бригадасы қызмет етеді.
Футбол федерациясы мәліметінше, кездесудің бас төрешісі болып Саят Қарабаев тағайындалды. Оған ассистенттер Алексей Долгих пен Сергей Калачев көмектеседі, ал қосалқы төреші міндетін Георгий Чеховский атқарады.
Командалар арасындағы алғашқы ойын израильдіктердің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Бұдан бөлек, ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру амстердамдық «Аякс» пен сербиялық «Войводина» арасындағы матчқа инспектор болып тағайындалды. Екінші іріктеу раундының қарымта кездесуі 30 шілдеде Амстердам қаласындағы (Нидерланд) «Йохан Кройф Арена» стадионында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
