Ғалым Думан Жампеисов заңнама технологиялық өзгерістердің соңынан ілеспей, керісінше, олардың алдында жүріп, экономиканың жаңа талаптарына уақытылы жауап беруі тиіс.
Думан Жампеисов: «Энергетика – тек мегаватт емес, адамдардың еңбегі мен елдің болашағы»
фото: баспасөз қызметінен алынды
141
оқылды

Respublica партиясы республикалық сайлауалды штабының Павлодар облысындағы жұмыс сапары аясында Құрылтай депутаттығына кандидат, PhD докторы Думан Жампеисов «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында ол Павлодар облысының Қазақстан энергетикасындағы стратегиялық рөліне тоқталды. Өңір елдегі электр энергиясының жартысына жуығын өндіріп, көмірдің жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Алайда, оның айтуынша, энергетика саласына жекелеген жөндеу жұмыстары емес, ұзақ мерзімді әрі жүйелі жаңғырту қажет.

«Павлодар облысы – еліміздің энергетикалық жүрегі. Өңірдің генерация қуаты 8,4 гигаваттқа жетеді, бұл шамамен үш атом электр станциясының өндірістік әлеуетіне тең. Сонымен қатар Павлодар – Ресей мен Өзбекстанға электр энергиясын экспорттайтын өңір. Сондықтан энергетика – бұл тек мегаватт пен статистика емес, осы саланың дамуына күн сайын үлес қосып жүрген адамдардың еңбегі және елдің болашағы», – деді Думан Жампеисов.

Ол Respublica-ның сайлауалды бағдарламасында энергетикалық қауіпсіздікке ерекше мән берілетінін атап өтті. Партия атом және жаңартылатын энергетиканы дамытуды, инфрақұрылымды жаңғыртуды, энергия тиімділігін арттыруды, энергоаудит жүйесін жетілдіруді және стратегиялық нысандардың киберқауіпсіздігін күшейтуді ұсынады.