Желі қолданушылары оның әніндегі “Сұлудың жоқ дегені – иә” деген сөзді сынға алған болатын.
Басы дауға қалған әнші Әділет Жауғашар кешірім сұрады
Фото: instagram.com/adilet.zhaugashar
220
оқылды

Әнші Әділет Жауғашар желіде үлкен дау тудырған әніне қатысты тыңдармандарынан кешірім сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.

Желі қолданушылары оның әніндегі “Сұлудың жоқ дегені – иә” деген сөзді сынға алған болатын. Мұны зорлық-зомбылықты қолдау деп түсінген. Осыған байланысты әнші кешірім сұрауға мәжбүр болды. 

Оның айтуынша, ән мәтіні жазушы Әзілхан Нұршайықовтың сөзіне сүйеніп жазылған.

"Бұл әннің көптің көңіліне тиетінін ойламадық. Өзім де зорлық-зомбылыққа қарсымын. Оның үстіне әкеммен емес, анамның тәрбиесінде өстім. Егер бұл ән сіздердің көңілдеріңізден шықпаса, енді оны орындамаймын. Баршаңыздан кешірім сұраймын. Сұлудың “жоқ” дегені – жоқ", – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.