Қостанай облысында әйелін өлтіріп, мәйітін екі ай бойы сырттағы дәретханаға жасырған ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тергеу мәліметінше, ер адам әйелін тұншықтырып, кейін мойнына пышақ сұғып өлтірген. Кейін мәйітті ауладағы дәретханаға жасырып, екі ай бойы туыстарына әйелінің жұмысқа кетіп қалғанын айтып келген. Тіпті, іздеу жұмыстарын жалғастыру сылтауымен марқұмның туысынан ақша алған.
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар сот оны жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге моральдық өтемақы және 167 мың теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеді. Жәбірленушілер үкімді тым жеңіл деп бағалап, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
