Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
TikTok пен Instagram-да бейәдеп сөз айтқан Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды
Фото: видеодан скриншот
142
оқылды

TikTok және Instagram әлеуметтік желілерінде қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзатын бейнежазба анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Тексеру барысында бейнероликтің авторы Алматы облысының 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны Нұрсат Пшан екені анықталды. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Полиция әлеуметтік желілердің көпшілікке қолжетімді жария кеңістік екенін еске салды. Сондықтан цифрлық ортадағы пайдаланушылардың әрекеттеріне де Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары толық көлемде қолданылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.