Жиында партияның «Гүлденсе ауыл, гүлденеді еліміз!» сайлауалды бағдарламасы аясында отбасы институтын нығайту, әйелдер кәсіпкерлігі мен көшбасшылығын қолдау, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік пен жастарға жағдай жасау мәселелері талқыланды.
«Ауыл» партиясы әйелдердің саясаттағы рөлін талқылады
фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметінен алынды
150
оқылды

Бүгін «Ауыл» партиясының Республикалық сайлауалды штабында «Саясаттағы әйелдердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Іс-шараға ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қарақат Абден мен Жазира Сұлтанқұлова, сондай-ақ партияның Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

«Ауыл» партиясыны мүшесі Жазира Сұлтанқұлова баяндама жасап, әйелдердің шешім қабылдау үдерістері мен саясатқа белсенді араласуы мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.

Ал кандидат Қарақат Әбден әлеуметтік саясаттағы жауапкершілікке тоқталып, құрғақ уәделер мен популистік бастамаларды сынға алды.

Оның айтуынша, елдің әлеуметтік саясаты әдемі сөздерге емес, нақты экономикалық есеп пен қаржылық мүмкіндіктерге негізделуі тиіс.

Шара соңында қатысушылар әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған өз ұсыныстарын ортаға салды.