«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Ақтөбеде еңбек ұжымдарымен кездесуі жалғасын тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты.
Ақтөбеде Дания Еспаева бастаған «Ақ жол» Демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы «Глобал – Спецодежда» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кездесудің басты тақырыбы - отандық бизнесті қорғауға және қолдауға бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасы.
Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері еліміздегі өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту жағдайын жақсарту бойынша өздерінің нақты ұсыныстарын білдірді.
