Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жариялады.
«30.07.2026 ж. сағат 21:45-тен бастап Жетісу облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы су өткізу құрылысында анықталған ақауларды жою жұмыстарына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін KZ 05-02 «Көктал–Жаркент–Қорғас» кірме жолының 313–319 км аралығында (Үшарал ауылының бұрылысынан Диханқайрат ауылына дейінгі учаскеде) автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», – делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы «Жаркент–Шулақай–Алматы–Шелек–Қорғас» бағыты бойынша ұйымдастырылады.
Жолды 2026 жылғы 31 шілде сағат 07:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
