Коронавирусты анықтауға арналған тест қанша тұрады?
Коронавирусты анықтауға арналған тест қанша тұрады?
© 24.kz
240
оқылды
Жекеменшік клиникалық-диагностикалық орталық елімізде коронавирусты анықтауға арналған жедел тест бағасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сәби» қорының қайырымдылық көмегі аясында ең алдымен тәуекел тобына кіретін пациенттерге тегін жедел тест жүргізу жоспарланып отыр. Ол үшін таяу уақытта сайтта арнайы сауалнаманы толтыру қажет. Эпидемиологтар сауалнамаларды өңдеп болғаннан кейін тәуекел факторы бар пациенттер тесттен өтуге шақырылады», – деп атап өтті аталған зертхана мамандары. Таратылған ақпаратта жедел тестілердің алғашқы топтамасы Қазақстанға жеткізіліп, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 50 мыңнан беріледі. Тегін тестілеу жасалып болғаннан кейін Қазақстанның барлық қаласында ақылы түрде жедел тестілеу жүргізіледі. Оның болжамды құны 4 мыңнан 5 мың теңгеге дейін болады. Ақылы тестілеудің қашан басталатындығы қосымша хабарланбақ.