Соның арқасында жарылыс қаупінің беті қайтарылды.
Петропавлда өрт сөндірушілер үлкен жарылыстың алдын алды
292
оқылды

Петропавл қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртенген ангардан газ баллондарын дер кезінде шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға Мүсірепов көшесінде орналасқан ангарда болған. Өрт салдарынан ғимарат қабырғасының шамамен 80 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел оқшаулап, толықтай сөндірді.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру кезінде қауіпті аймақтан бес оттегі және бір газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Соның арқасында жарылыс қаупінің беті қайтарылды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отпен жүргізілетін жұмыстар кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.