Украина Ресейдің әскери аэродромы мен мұнай өңдеу зауытына соққы жасағанын мәлімдеді
Украина Ресейдің әскери аэродромы мен мұнай өңдеу зауытына соққы жасағанын мәлімдеді
113
оқылды

Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Ресей аумағындағы бірнеше әскери нысанға соққы жасалғанын хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Саратов облысындағы стратегиялық авиация орналасқан «Энгельс» әскери аэродромына соққы тиіп, оның аумағында өрт шыққан. Бұл аэродромда Ресейдің Ту-95МС және Ту-160 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары орналасқан.

Сондай-ақ Саратов мұнай өңдеу зауыты мен Калуга облысындағы «Людиново» мұнай базасына да соққы жасалып, өрт тіркелген. Украина тарапының мәліметінше, бұл нысандар Ресейдің әскери қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Бұдан бөлек, Брянск облысында ресейлік соққы беретін дрондарды сақтау, дайындау және ұшыру пункті де нысанаға алынған.

Украина Бас штабы нысандарға келтірілген шығын көлемі нақтыланып жатқанын мәлімдеді.