Украина Самара облысындағы ірі логистикалық орталықты талқандады: аспанды қою түтін басты
Украина Самара облысындағы ірі логистикалық орталықты талқандады: аспанды қою түтін басты
160
оқылды

Украиналық дрондар шабуылынан кейін Ресейдің Самара облысындағы Новосемейкино елді мекенінде орналасқан Wildberries логистикалық орталығында ірі өрт шықты.

Компания өрттің дрон шабуылы салдарынан болғанын растады. Wildberries өкілдері логистикалық бағыттардың қайта құрылғанын хабарлады.

Қойманың аумағы 130 мың шаршы метрді құрайды. Ол 2025 жылғы мамырда ашылған және толық іске қосылғаннан кейін 120 миллионға дейін тауар сақтауға есептелген.

Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл шілденің ортасынан бері дрон шабуылына ұшыраған Wildberries компаниясының тоғызыншы қоймасы.