Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Тұрсынбек Байтеміров Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауылына барып, сайлаушылармен жүздесті.
«Байтақ» кандидаты Жалпақтал ауылының халқымен кездесті
Фото: "Байтақ" партиясының баспасөз қызметінен алынды
83
оқылды

Кандидат елдімекен тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірді дамыту, экологиялық қауіпсіздік, ауыл инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне тоқталды. «Байтақ» жасылдар партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Елдегі оң өзгерістерді айтқан жұрт шешімін күткен өзекті түйткілдерді де сөз етті. Ауылды сапалы ауызсумен қамту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау бағытында ұсыныстарын ортаға салды.

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілі Тұрсынбек Байтеміров әр ұсыныс пен пікір сайлауалды бағдарламаны насихаттау науқанында назарға алынады деді. Оның сөзінше, мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға және өңірлердегі өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.