Құрылтай депутаттығына кандидаттар өңірдегі ең ірі жоғары оқу орындарының оқытушыларына «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасын таныстырып, олардың ұсыныстарын тыңдады. Бұл туралы Aikyn.kz «Әділет» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бірнеше оқу орнындағы кездесуде университеттердің оқытушылары жас ғалымдарды қолдау, университет ғылымын дамыту және білім беруді нақты экономикамен байланыстыру мәселелерін қозғады.

«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай бұл өзгерістерден енді сапалы әрі нақты нәтижеге қол жеткізу маңызды екенін атап өтті.
«Ғылыми әзірлемелер тек университет зертханаларында қалып қоймауы тиіс», – деді ол.
Айта кетерлігі, бұл бағыт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым және технологикалық саясатты күшейтуге бағытталған бағдарын одан сайын тереңдете түседі. Өйткені, соңғы жылдары тікелей Президенттің қолдауымен Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі күшейді, Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданып, салаға бөлінетін қаржы артты.
Кездесуге қатысқан Ақтөбенің креативті жастары алғашқы жұмыс орны, қызметтік баспана, жеңіл ипотека, әлеуметтік кепілдіктер және өңірлерде жұмыс істеуге дайын жандарға арналған мүмкіндіктер туралы сұрақтарын қойып, жауап алды.

«Әділет» партиясының өкілдері атап өткендей, жастарды қолдау диплом алғаннан кейін емес, оқу кезінде басталуы керек. Студенттерге көбірек тәжірибе беріп, оларды нақты жұмыспен таныстыру және тәлімгерлердің көмегімен мамандыққа бейімделуге көмектесу қажет. Партияның сайлауалды бағдарламасында жыл сайын кемінде 40 мың жас маманға тәжірибелі әріптестерінің қолдауымен алғашқы еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік беру туралы ұсыныс бар. Бұл тәсіл түлектерге оқудан жұмысқа тезірек өтуге, ал кәсіпорындарға дайын қызметкерлер табуға көмектесуі тиіс.
Штаб өкілдерінің пікірінше, университеттер студент тек диплом алатын орын болып қалмауы керек. Бұл жерде ол болашақ мамандығымен танысып, зерттеулерге қатысып, нақты міндеттерді шешуі және оқуды бітіргеннен кейін өз білімін қайда қолдана алатынын түсінуі тиіс.

Бұл кездесу штабтың Ақтөбедегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болды. Бұған дейін партия өкілдері ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшыларына, кәсіпкерлерге, жастарға және әйелдер форум кезінде сайлауалды бағдарламаны жан-жақты таныстырған болатын.
Айта кетейік, Ақтөбе сапарының алдында республикалық сайлауалды штаб Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Ұлытау және Ақмола облыстарын аралаған болатын.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
