Экспозицияда суретшінің музей қорынан және отбасы архивінен алынған 80-нен астам туындысы ұсынылады.
Бәтима Зәуірбекованың шығармашылығына арналған көрме өтеді
429
оқылды

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақстандық гобелен өнері ұлттық мектебінің негізін қалаушы Бәтима Зәуірбекованың туғанына 80 жыл толуына орай «Мұра жіптері» атты көрме ұйымдастырылады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде өтеді.

Экспозицияда суретшінің музей қорынан және отбасы архивінен алынған 80-нен астам туындысы ұсынылады. Олардың қатарында гобелен, кескіндеме және графикалық жұмыстар бар.

 Келушілерді не күтеді?

Көрмеге келушілер Бәтима Зәуірбекованың жарты ғасырдан астам уақыт бойы қалыптастырған шығармашылық мұрасымен таныстырады. Суретші ұлттық дәстүрлерді заманауи көркемдік тілмен ұштастыра отырып, қазақстандық гобелен өнерінің дамуына зор үлес қосты.

Гобелен – бейне бояумен емес, тоқыма станогында жіп арқылы жасалатын тоқылған кілем-картина. Қазақстанда бұл техника ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше дамыды. Сол кезеңде суретшілер кілем тоқу дәстүрі мен киіз ою-өрнегін бейнелеу өнерінің жаңа түрінің негізі ретінде қайта пайымдай бастады. Осылайша халықтық мотивтерді, ұлттық ою-өрнекті және заманауи кескіндеме тілін тоғыстырған қазақстандық гобелен мектебі қалыптасты. Бұл мектептің бастауында Батима Зәуірбекованың есімі белгілі. 

Батима Зәуірбекова – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы оның шығармашылығы дәстүр мен заманауи көркемдік тілді ұштастыра отырып, қазақстандық гобелен өнерінің дамуына ықпал етті. Оның негізгі көркемдік бағытты халық өнері және модернизмнің кескіндемелік ағымымен ұштасады.  Ол экспозиция арқылы дәстүрлі кілем тоқу өнері мен қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің отандық бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыттың қалыптасуына негіз бола алды. 

 Көрме үш тақырыптық бөлімнен тұрады

Экспозиция үш тақырыптық кеңістікке бөлінген.

Алғашқы залда суретшінің шығармашылығы мен қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнері арасындағы байланысы кеңінен таныстырылады. Павильонның алып қабырғалары суретшінің туындыларында жиі кездесетін Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесін меңзейді. Сонымен қатар павильон үйдің, баспананың және қасиетті мекеннің символына айналып, Зәуірбекова шығармашылығындағы адам мен табиғаттың бірлігін, материал мен қолөнердің киелілігін аша түсті. 

Екінші бөлімде Бәтима Зәуірбекованың туындылары тақырыптық және көркемдік образдарына қарай топтастырылып, олар бірнеше аймаққа бөлінген. Әр аймақ суретші шығармашылығының белгілі бір бағытына сәйкес келеді. Кеңістіктің ашық архитектурасы көрерменге экспозицияны өз қалауынша тамашалауға мүмкіндік береді: туындылар әртүрлі ракурстан және түрлі үйлесімде көрінеді. Ал музыка олардың мазмұнын қабылдауға қосымша мәдени кілт қызметін атқарады.

Ал соңғы зал қазақ мәдениетіндегі әйел бейнесіне арналған. Оның басты композициялық элементі ретінде аспалы шаңырақ орнатылып, айналасына ұлттық киім киген қазақ аруларының портреттері қойылған. Осының бәрі әйел болмысын өмірдің үздіксіз жалғасуын көрсетеді. 

Бұдан бөлек, келушілер суретші туралы деректі фильмді тамашалап, архивтік фотосуреттермен таныса алады. Сондай-ақ арнайы оқу тоқыма станогында гобелен тоқу үдерісін тәжірибе жүзінде байқап көруге мүмкіндік беріледі.

Көрменің маңызы

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Мұра жіптері» көрмесі – Бәтима Зәіурбекованың шығармашылығына арналған ретроспективалық жоба ғана емес. Бұл көрме гобелен өнеріне қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің маңызды бағыты ретінде жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Көрме өнерсүйер қауымға, зерттеушілерге, дизайнерлерге, сәулетшілерге, сондай-ақ креативті индустрия өкілдеріне арналған.

Арада ондаған жыл өтсе де, Батима Зәуірбекованың гобелендері көрерменмен үй, жады және ұрпақ сабақтастығы туралы сырласуын жалғастырып келеді. «Мұра жіптері» көрмесі – өткенмен кездесудің, ал өткеннің бүгінгі күнде өмір сүруін жалғасқанын сезінудің бір мүмкіндігі.