Кәсіпкерге 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Балаларға тегін балмұздақ таратқан ақтаулық кәсіпкер жауапқа тартылды
фото: www.istockphoto.com
115
оқылды

Ақтаулық кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ пен йогурт таратамын деп әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 1 тамыз күні 14-шағын ауданда орналасқан кәсіпкерлік нысандардың бірінде болған. Сауда орнының ашылуына орай кәсіпкер балаларға тегін 50 балмұздақ пен 30 йогурт үлестірген.

- Алайда мұндай акцияны өткізер алдында жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алу қажет, - дейді қала әкімдігі.

Осы талап сақталмағандықтан, кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Қала әкімдігі кәсіпкерлердің мұндай бастамасына қарсылығы жоқ. Алайда тегін өнім тарату қолданыстағы заңнама талаптарына сай ұйымдастырылуы керегін жеткізді.

— Осындай іс-шараларды өткізер алдында жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсатын алу қажет. Сондай-ақ балаларды қуанту үшін қауіпсіз әрі заңды тәсілдерді қарастырған жөн. Өйткені мұндай акциялар кезінде адамдардың жаппай жиналуы түрлі қолайсыз жағдайларға себеп болуы мүмкін, — деп мәлімдеді қала әкімдігі.