Бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды.
Рақымшылық: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шықты?
фото: www.istockphoto.com
97
оқылды

Қазақстан Республикасында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ішкі істер министрлігі атқарылған жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды. Пробация қызметінің есебінде тұрған тағы 724 азамат жазасын одан әрі өтеуден босатылды. Сондай-ақ, 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

ІІМ рақымшылықты қолдану үшін соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жіберілгенін жеткізді. Оның 4,4 мыңға жуығын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, ал 6,9 мыңнан астамын пробация қызметтері дайындады.

Соттар мыңнан астам материалды қарап, өтініштер бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. ІІМ босату туралы шешімнің автоматты түрде қабылданбайтынын атап өтті.