Алаяқтар Петропавл қаласының тұрғынына банк қызметкерлері ретінде хабарласып, оның банк шотындағы қаражатқа бөгде адамдар қол жеткізгенін айтқан.
«Банк қызметкеріміз» деп елді алдаған алаяқтар жауапқа тартылды
57
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қашықтан жасалған интернет-алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеліп, қылмысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімінің шығарылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Олар ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару арқылы қорғау қажет деген желеумен жәбірленушіні несие рәсімдеуге және алынған қаражатты өздері көрсеткен есепшотқа аударуға көндірген.

Осыдан кейін қылмыстық схеманың қатысушыларының бірі көршілес Павлодар облысының орталығы – Павлодар қаласында банкомат арқылы жәбірленушіге тиесілі 2 млн 860 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, кейін ұрланған қаражатты криптовалютаға айырбастаған.

Ол атқарған "қызметі" үшін ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырған. Ізін жасыру мақсатында банкомат жанында медициналық бетперде мен кепка киіп жүрген. Алайда тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.

Ол – Павлодар облысының 21 жастағы тұрғыны. Сот оның заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру міндетін әдейі орындағанын анықтады. Оған бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот оны жәбірленушіге келтірілген 2 790 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді.