Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері «Marden» бизнес-орталығы ұжымымен және жалға алушыларымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz cайты «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен бірге отандық спорт пен шағын және орта бизнесті қолдау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жайы талқыланды. Қатысушылар жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, банкроттық жариялауға қатысты сұрақтарын қойды.
- Тыңдармандарымызға біздер өзіміздің бағдарламамыз жөнінде және партиямыздың қолжеткізген нәтижелері, жоспарлары туралы айтып кеттік. Біздің «ақ жолдастарымыз» қазіргі кезде белсенді жұмыс істеуде. Әрбір еңбек ұжымдарымен, шағын және орта бизнес өкілдеріменен, үлкен өндірушілермен кездесуде сол партиямыздың бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде, - деді «Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Мейрамгүл Қабдығалиева.
