«Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы Мұнайлы ауданына барды. Партия өкілдері «Мұнайлыэнерго» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.
Сапарды облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Аллаберген Қонарбаев пен партияның саяси кеңесінің мүшесі Салтанат Андреева бастап барды. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Сонымен қоса елдімекендерді тұрақты дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру, коммуналдық қызметтер тиімділігін жетілдіру және халыққа қолайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Партия өкілдері коммуналдық сала қызметкерлерінің аудандағы қалыпты тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудегі еңбегін жоғары бағалады.
«Коммуналдық қызмет саласында еңбек ететін азаматтардың жұмысы – тұрғындардың күнделікті тұрмысымен тікелей байланысты. Сондықтан бұл саланы дамыту мен олардың пікірін ескеру – маңызды міндеттердің бірі деп білеміз», – деді «Байтақ» жасылдар партиясының штаб өкілдері.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қызметкерлер көкейінде жүрген түйткілдері ортаға салды. Штаб өкілдері халықпен тұрақты байланыс орнату және көтерілген мәселелерді назарда ұстау сайлауалды жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Медицина қызметкерлеріне партия бағдарламасын таныстырды
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы әрі Құрылтай сайлауына кандидат Владимир Мартель Алматы қаласындағы №3 қалалық емхана ұжымымен кездесті.
Ол партияның қызметі мен сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, экология мен халық денсаулығының өзара байланысын талқылады. Сондай-ақ қоршаған орта факторларының тұрғындар денсаулығына әсері, аурулардың алдын алу, қалалық ортаны жақсарту және медицина қызметкерлерін қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Халық денсаулығы қоршаған ортаның жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – партияның негізгі басымдықтарының бірі», – деді Владимир Мартель.
Шара ашық пікір алмасу форматында өтті. Медицина қызметкерлері саладағы проблемаларды көтеріп, пікірін айтты. Ұсыныс-тілектерін де жеткізді.
