ЖСДП-ның сайлауалды науқан аясында еліміздің өңірлерінде өткізіп жатқан диалог алаңдарының бір бөлігі.
ЖСДП Павлодарлық жастармен жүздесті
фото: ЖСДП-ның баспасөз қызметінен алынды
149
оқылды

Павлодарда «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан» Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Роза Джусупова қала жастарымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Кездесуге келген жастардың қатарында студенттер, жас мамандармен қоғамдық бірлестіктердің белсенділері де болды.

Кездесу барысында қатысушылар сапалы білімнің қолжетімділігі, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмыспен қамту, сондай-ақ өңірлік деңгейде жастар саясатын жүзеге асыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар жас қазақстандықтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу мүмкіндіктеріне – еріктілер бастамаларынан бастап жергілікті өкілді органдардағы қызметке дейін – ерекше назар аударылды.

Павлодарлық жастар кандидатқа өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ өңір жастары тап болып отырған мәселелерді шешудің нақты жолдарын ұсынды. Олардың қатарында мамандығы бойынша жұмыс орындарының тапшылығы және жергілікті жерлерде жастар бастамаларына көрсетілетін қолдаудың жеткіліксіздігі мәселелері бар.

«Жастар – біздің саясатымыздың болашағы ғана емес, оның бүгіні. Сондықтан есептерді емес, шынайы пікірлерді – жастардың күнделікті өмірде кездесетін мәселелерін тыңдау маңызды. Олардың бастамалары біз қабылдайтын шешімдерге тікелей ықпал етуі тиіс», – деді Роза Джусупова.

Оның айтуынша, мұндай кездесулер партияның бағдарламасын жастар туралы абстрактілі түсініктерге емес, жас ұрпақтың нақты сұраныстары мен қажеттіліктеріне сүйене отырып қалыптастыруға мүмкіндік береді.