Екі жыл бұрын жолдасы АҚШ-та, Тынық мұхитының жағалауында оған үйленуге ұсыныс жасаған.
«Тынық мұхитының жағасында ұсыныс жасады»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы айтты (видео)
205
оқылды

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева жолдасымен шаңырақ көтергеніне екі жыл толғанын атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі екеуінің ерекше сәтті еске алған бейнежазбасын жариялады.

Айтуынша, екі жыл бұрын жолдасы АҚШ-та, Тынық мұхитының жағалауында оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. 

«Есімде. Дәл осы Тынық мұхитының жағасында, дәл осы біз тұрған жерде екі жыл бұрын менің жаным маған тұрмысқа шығуға деп ұсыныс жасады. Ана жерде маяк, мына жерде Тынық мұхиты, толқын. Дәл осылай самал жел есіп тұрған. Күн де дәл осылай жарқырап тұрды. 2024 жылдың 2 ақпанында ұсыныс жасады. 23 ақпанда Беверли-Хиллс ауданында әкімшілікте қол қойдық. Ал 8 наурызда Палисейдстегі мешітте неке қидырдық. Уақыт қалай тез өтіп жатыр», – деді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.