Футболшы Елдос Ахметов еліміздегі футболдың даму деңгейіне қатысты пікір білдірді.
«Дастан Сәтпаев, Нұрәлі Әліп, Максим Самородов, Ислам Чесноков секілді футболшылар шетелдік клубтарда өнер көрсетіп жүр. Бұл – үлкен жетістік. Алда Ұлттар лигасы өтеді. Сол жарыста да бар мүмкіндігімізді салып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз», – деді ол.
