Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік ака­де­миялық концерттік ұйымында «Coupe Mondiale 79» атты баяншылар мен аккордеоншылардың халықаралық байқауының ашылу салтанаты өтті.
«Coupe Mondiale 79» басталды
84
оқылды

Әлемдік баян және аккордеон өнеріндегі ең беделді додалардың бірі саналатын «Coupe Mondiale» биыл алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда өтіп отыр. Халықаралық байқау кәсіби орындаушыларды, музыка ма­ман­дарын, халықаралық сарапшы­ларды және баян мен аккордеон өнерінің та­ны­мал өкілдерін елорда төрінде тоғыс­тырды. Биыл байқауға 147 өтінім түсті. Оның 126-сы жеке орындаушы­лардан, 21-і ансамбльдерден қабылдан­ған. Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Португалия, Черногория, Сербия, Хорватия, Швейцария, Жапония, Өзбекстан, Бразилия, Босния және Герцеговина, Қырғыз Республикасы, Солтүстік Македония және Беларусь елдерінен келген өнерпаздар жеті аталым бойынша бақ сынайды. Байқауға орай Астанаға Халықаралық аккор­деонистер конфедерациясының 48 делегаты келді.

«Coupe Mondiale 79» аясында халық­аралық байқаумен қатар Халық­аралық аккордеоншылар конфе­дерациясы деле­гаттарының 156-конгресі өтіп жатыр. Конгресс барысында ұйымның халық­аралық қызметі, баян және аккордеон өнерін одан әрі дамыту, кәсіби музыкалық білім мен ұлттық орын­даушылық мек­тептер арасындағы байла­нысты нығайту мәселелері талқы­ланады.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ