Инженерлік-саперлік топтың кәсіби шеберлігі, іс-қимылдарының үйлесімділігі жауапкершілік аймағындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Голан жоталарында қазақстандық саперлер 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ-дәріні жойды
Фото: gov.kz
244
оқылды

Қазақстанның Голан жоталарындағы БҰҰ-ның бөліну аймағын бақылау жөніндегі миссиясы құрамындағы үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы жарылғыш заттарды анықтау, залалсыздандыру және жою жұмыстарын жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бітімгерлік миссияны атқару кезеңінде биылғы мамыр айынан бастап 15-тен астам іс-шара өткізіліп, әскери қызметшілер 350-ден астам жарылғыш затты жойды. Сонымен қатар 1 800-ден астам оқ-дәрі де залалсыздандырылды.
Инженерлік-саперлік топтың кәсіби шеберлігі, іс-қимылдарының үйлесімділігі және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы саперлерге қойылған міндеттерді орындап, жауапкершілік аймағындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.